Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру тоқтатылды

Электронды үкімет порталында тиісті хабарлама жарияланды. ЖСН қалыптастыру тек елде уақытша жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін тоқтатылатыны атап өтілді. Қызмет 2022 жылдың 1 қазанында қайта қолжетімді болады.

Айта кететіні, елімізде мемлекеттік органдарға жүгіну және банк шоттарын ашу үшін ЖСН қажет. Оны басқа елдің азаматы бола тұрып алуға болады. 2022 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанда ЖСН алған ресейліктер саны 16 есе, украиндықтар 3 есеге өсті. 35 782 ресейліктер жеке сәйкестендіру нөмірлерін алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 есе, ал 637 украиндықтар өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз