Бұхараны уысында ұстаған қазақ (видео-әңгіме)
Қаламгер Тұрдымұрат Төремұратовтың «Бұхараны уысында ұстаған қазақ» шығармасы. Оқиға өмірде болған. Бұл әңгіме өмірде болған Төле деген кісі жайлы. Автор көркем түрде жеткізу үшін, кейбір жерлерін, оқиға болған орындарды, адам есімдерін өзгертіп жазған.
«Біздің бұл жерге салудағы мақсатымыз біреу ақ, ол — қазақ қалай да қазаққа көмектесуі керек. Ақылды қазақ ақылымен, бай қазақ байлығымен, күшті қазақ күшімен т.б. Сол кезде ғана «Қазақ қыздарын төсекке тарту туралы тренинг өткіземін» деп Ресейдің блогерлері көкімейтін болады. Бұл әңгіменің кейіпкері жұдырығының күшімен шамасы келгенше қазақ студенттерін қорғады. Бітті. Басқа айтпақ ойымыз жоқ», — дейді әңгімені оқып, ютуб желісіне жариялаған Нұрхан Нұрмаханов.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз