Баға тұрақтылығы – басты міндет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыруды және бағаның негізсіз өсуіне тосқауыл қоюды тапсырған болатын. Бұл ретте әлеуметтік маңызға ие азық-түліктер бағасының бақылауда болуының маңызы зор.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысы 19 атаудан тұратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі бекітілді:
1. Бірінші сортты бидай ұны
2. Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
3. Рожки (өлшеніп салынатын)
4. Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
5. Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
6. Картоп
7. Асханалық сәбіз
8. Басты пияз
9. Ақ қауданды қырыққабат
10. Ақ қант – құмшекер
11. Күнбағыс майы
12. Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
13. Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
14. Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада
15. Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада
16. Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
17. Тауық жұмыртқасы (I санатты)
18. Ac тұзы («Экстра»-дан басқа)
19. Сүзбе: майлылығы 5-9%
«Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына ішкі сауда субъектісі (сатушы) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын жеткізу шартында көрсетілген өндірушінің сату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.
Бұл жерде, бұрын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу және бақылау жөніндегі функциялар жергілікті атқарушы органдардың, яғни облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктері мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің құзыретінде болғандығын, қазіргі уақытта «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР салалық Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты осы функциялардың Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органдарға берілгенін атап өту қажет.
Егер «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабының жоғарыда аталған тармағын ішкі сауда субъектісі (сатушы) сақтамаған жағдайда, сатып алушылар Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға – «Қарағанды облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ, Қарағанды қ. Гоголь к-сі 34, телефон 8 (7212) 21-42-08, оның ішінде «E-Otinish «Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы» порталы арқылы растайтын дәлелдемелерді қоса бере отырып:
— кәсіпкерлік қызмет субъектісінің атауы, яғни дүкеннің өзі, сауда объектісінің атауы;
— ЖСН немесе БСН (деректер фискалдық чекте де көрсетіледі);
— фискалдық кассалық чек;
— кәсіпкерлік объектісінен ӘМАТ-тағы баға белгілеулерінің фотосуреттері, сондай-ақ айналымға өзге де фото және бейне материалдарды қоса өтініш беруге болады.
Сауда департаменті өтініштерді қолданыстағы заңнама шеңберінде қарайды және қажет болған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің шеңберінде 204-4-бап бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартуға құқылы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерінен асып кету;
ішкі сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сауда үстемесінің мөлшерінен асып кетуі;
— ескертуге әкеледі;
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет,
– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бастап Сарыарқа ӘКК Тұрақтандыру қорымен бірлесіп күнбағыс майы бойынша тауарлық интервенция жүргізілді. Биылғы жылдың 10 наурызында Тұрақтандыру қорынан 900 литр көлемінде күнбағыс майы бойынша іріктеу жүзеге асырылды, бөлшек сауда бағасы 605 тг/л құрады. Сату «Гастроном №40», «Гастроном №55» және «Металлург» супермаркеттерде жүргізілді.
Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ақпараты бойынша
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз