БАЙҚАУ! Конституция күніне орай сурет байқауы жарияланды
«Теміртау қаласындағы конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы» КММ Қазақстан Республикасының Конституциясы мерекесі қарсаңында суреттер байқауын жариялайды.
30 тамызда еліміздің ең жоғары құқықтық актінің қабылданған күні – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні тойланады.
Сурет байқауының мақсаты – жастар мен балалардың бойында патриоттық сезімді дамыту, адамгершілік құндылықтарды насихаттау, мемлекет ішіндегі амандық пен тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығын, еліміздің басты заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясын зерделеуге назар аудару. Қазақстан Республикасының Конституциясын балалардың шығармашылық танытуы арқылы оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Байқаудың өту уақыты: 2023 жылғы 8 тамыздан 29 тамызға дейін.
Жүлде қоры:
І орын-Smart сағат COLMI P28 Plus
2 орын-Блендер Fresh Juice Portable
ІІІ орын – Yunteng штативі 1388
Материалдарды бағалау критерийлері:
— материалдардың жаңалығы мен бірегейлігі (идеялар креативтілігі);
— материалдардың әлеуметтік маңызы;
— шығармашылық көзқарас.
Қатысқыңыз келсе, 2023 жылдың 29 тамызына дейін конкурс материалдарын 87083068026 телеграмм нөміріне «Байқауға қатысу үшін» міндетті жазбасымен жіберіңіз.
Қосымша ақпаратты 87083068026 телефоны арқылы немесе @konfess.temirtau instagram парақшасынан алуға болады.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз