Байтасовтың қайталанбас ерлігі

Қаншама қызметкерлер қызметте жүріп көз жұмды. Олардың ерліктері халық жадында мәңгі сақталады дейміз де, еске алар күні ұмыт қалдыратынымыз несі екен, кеше оны қалың әлеумет ішінде тек қана полицейлер еске алды, халық жады неге сонша қысқа еді бізде?!
Тағы да қайталап айтамыз. Осыдан 12 жыл бұрын, дәл осы күні полицей Ғазиз Байтасов қызмет бабында жүріп, қамал бұзар қырық жасында өмірімен қоштасқан еді. Нақтыласақ, 2011 жылы 12 қарашада Тараз қаласында қауіпті лаңкес қылмыскерді ұстау барысында, қылмыскердің қолындағы гранатаны халыққа қарай лақтыруға жол бермей, өз денесімен жауып қалды Осы көзсіз ерлігімен ол қаншама адамның өмірін құтқарып қалды. Бүгінде біз отансүйгіштік туралы көп айтамыз. Бірақ, ондай биік ұғымға өмірімен және ерлігімен үлгі болар санаулы ғана тұлғалар бар. Халық Хаһарманы Ғазиз Байтасов солардың қатарында. Біздің есімізде ол нағыз батырлық пен адалдықтың шынайы үлгісі болып мәңгі сақталу тиіс.
Кешегі қаңтар тұсында ұлт қауіпсіздігіндегі ұрымтал тұстан жасалған соққы ұлттың жаны неде екенін көрсетті емес пе? Алматының ескі Отырардың кебін киюге шақ қалғанын шыққыр көзіміз көрді емес пе?! Бейбіт шеруді жаппай тәртіпсіздіктерге ұластырғандарға алдымен қарсы тұрған осы Ғазиз Байтасов сияқты полицейлер мен әскерилер, олардың оқу орындарының курсанттары екенін негі ұмытамыз біз?!
Елеужан СЕРІМОВ
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз