Биыл Қарағанды облысының білім ордаларында 172 мыңнан астам оқушы білім алады
Қарағанды облысында 1 қыркүйекте мектеп парталарына 172 мыңнан астам бала, оның ішінде 17 мыңнан астам бірінші сынып оқушылары отырады. Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевқа аппараттық кеңесте жаңа оқу жылына дайындық туралы баяндалды.
Облыстың білім беру нысандары балаларды қабылдауға белсенді дайындық жүргізуде. 115 мектептің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуда.
Барлық білім беру ұйымдарында жылыту жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. 17 мектепте қазандықтарды іргелес учаскелерге шығару аяқталуда. Көмір жеткізу басталды. Қазірдің өзінде қажетті көлемнің 70%-ы жеткізілді. Сондай-ақ, ұйымдар жылыту жүйелерін жуу және сығымдау жұмыстарын жүргізуде.
– Бейнебақылау жүйелерімен барлық білім беру нысандары жабдықталған. Өңірдің полиция департаментінің ЖБО-на балабақшалар мен колледждердің барлық камералары қосылған. Мектептер бойынша жұмыс жалғасуда, – деді Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова. – 582 білім беру ұйымдары дауыстық хабарлау жүйелерімен және дабыл түймелерімен жабдықталған. Турникеттер 203 нысанға орнатылды, арнайы күзет 206 ұйымға енгізілді. Арнайы күзет балабақшаларда да болады.
Оқушыларды оқулықтармен және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету маңызды міндеттер болып табылады. Бүгінгі таңда мектептерге оқулықтар жеткізу жалғасуда. Жұмыстарды 25 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда. Барлық бастауыш сынып оқушылары, сондай-ақ әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 11 мыңнан астам бала тегін тамақтана алады.
101 елді мекеннен 1566 оқушы үшін мектептерге жеткізу ұйымдастырылады, деп атап өтті облыстың бас педагогы. Ол үшін өңірде 70 көлік бірлігі тартылатын болады. 1 қыркүйекке дейін олардың барлығы техникалық тексеруден өтеді.
– Мектеп автобустарын толық тексеру қажет. Бұл басты міндеттердің бірі, себебі мәселе балалардың қауіпсіздігіне қатысты, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Білім басқармасы жаңа оқу жылы мен жылыту маусымына дайындықты бақылауда ұстасын.
Қарағанды облысында барлығы 24 355 педагог жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 640 маман жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін өңірде мамандарды қайта даярлау бойынша тегін курстар ұйымдастырылды.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз