Болат Назарбаев қайтыс болды

Болат Назарбаев 71 жасына қараған шағында қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2023 жылдың 13 қарашасында сағат 09.51-де Болат Назарбаев қайтыс болды», — делінген Орталық клиникалық аурухана хабарламасында.

Еске сала кетейік, 4 қарашада бірқатар қазақстандық БАҚ Болат Назарбаевтың жағдайы ауыр деп хабарлаған болатын. Жазбада Болат Назарбаевтың екінші рет инфарктпен ауруханаға түскені, оның жағдайы ауыр әрі тұрақсыз екені айтылған.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз