Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Теміртауда жоғары білімі жоқ азаматтардың өзі айына 100 мың теңгеден жоғары табыс таба алады. Мұндай мүмкіндік Жастар үйі алаңында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде ұсынылды. Жермеңкеге елуден астап кәсіпорын қатысып, 525 бос жұмыс орындарына маман ізделді. Олардың кейбірі туралы ақпараттық тақтайшағы хабарлама ілінсе, өзгелері компания өкілдерімен бетпе-бет сұхбат форматында ұйымдастырылған.

«Дагерман» ЖШС кадр бөлімінің басшысы Виктория Валентиновнаның айтуынша, кәсіпорын «Qarmet» АҚ зауыты аумағындағы асханаларда тамақтандыруды ұйымдастырады екен. Қазіргі таңда компанияға аспаздар, асхана қызметкерлері және жазғы маусымда «Факел» мен «Романтик» сауықтыру лагерлеріне жұмыскер іздейді.
— Орташа жалақы – 140 мың теңге шамасында. Біз үнемі бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысамыз, бірақ жұмысшыларды мұнда таба алмаймыз,- деді Виктория Валентиновна.
Жәрмеңкеге қатысқан жұмыс берушілер қатарында «Qarmet» АҚ, «NORD Production Group» ЖШС, «Казпромсервис» ЖШС, Теміртау көпсалалы ауруханасы, «777» фирмасы, «Bassel Group LLS» ЖШС, «Ren Milk» сүт өнімдері зауыты бар.
— Біз жұмыссыз азаматтарға, түлектерге және жастарға жұмысқа орналасу мәселесінде мемлекет тарапынан қандай белсенді қолдау шаралары бар екенін білу үшін жәрмеңке өткізудеміз.Түрлі кәсіпорындардың өкілдері, жеке кәсіпкерлер, Qarmet және де тағы да басқа компаниялар бар. Ал азаматтар жұмысты өздері таңдай алады. Бүгінде еңбек нарығы дәрігерлерге, құрылысшыларға және краншыларға мұқтаж, — деді Қарағанды облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығыың директоры Нұржан Сыздықов.
Теміртау қалалық Мансап орталығының дерегінше, бүгінде металлургтер мекенінде алты жүзден астам бос орындар бар. Оларды enbek.kz электронды еңбек биржасында көруге болады. Бос лауазымдар көбіне білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, сондай-ақ сауда саласындағы мамандарды іздейді. Жалақы мөлшері 85 мың теңгеден бастап 450 мың теңгеге дейін. Ал, жұмыс іздеп жүрген теміртаулықтардың саны мыңға жуық. Оның ішінде «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша грантқа түсуді жоспарлағандар – көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар бар.
Бүгінде жұмыс берушілер Мансап орталығына өздеріне қажет мамандар туралы ұсыныс жібере алады. Сол бойынша жұмыссыз азаматтар қайта даярлаудан өтіп, қысқа мерзімді курста біліктілігін арттырады. Ол курстар 3 айдан 6 айға дейін созылады. Осы аралықта білім алушыларға шәкіртақы төленеді. Қазір облысымызда 264 адам қысқа мерзімді курстарда тәлім алуда. Сонымен қатар, тағы 217 адамды түрлі мамандықтар бойынша оқыту жоспарлануда. Мұндай өтініштер теміртаулық жұмыс берушілерден де түсіп жатыр.
Жәрмеңкеге алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтар да шақыртылды. Олар жұмысы жоқтығын сылтауратып, төлем жасаудан бас тартқан екен.
«Тұрақты жұмысы жоғын айтып, қарызын төлемейтін, әсіресе алименттен жалтарып жүрген борышкерлер бар. Біз олардың жұмыс іздеуіне көмектесіп, Мансап орталығына жолдама береміз. Кейін бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне шақырамыз. Әрине, біз ешкімді ресми жұмысқа алуға мәжбүрлей алмаймыз. Бірақ бұл олардың мүдделері үшін жасалып отырған қадам. Өкінішке қарай, көпшілік мұндай шараларға тығылып, қатыспайды. Мәселен, бұл жолы он шақты адам келуі керек еді. Тек 200 мың теңгеге жуық алимент берешегі бар 1 студент келіп, жұмыс істеуге уақыты жоқ екенін айтты. Борышкерлерді қарыз жинамай, бәрін уақытында төлеуге шақырамыз», — дейді Қарағанды облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының Теміртау қаласы бойынша орынбасары Мадияр Әбенов.
Теміртау Мансап орталығының бос жұмыс орындары басшысы Екатерина Таскинаның айтуынша, тұрақты жұмысқа орналасумен қатар, уақытша жұмыс орындары түрінде де қолдау көрсетеді. Халықтың әртүрлі топтарын уақытша жұмыспен қамтуға бағытталған алты мемлекеттік бағдарлама бар.
Мысалы, кемінде 12 ай мерзімге берілетін «Алғашқы жұмыс» бағдарламасында 35 жастан асқан жастар бірінші жұмыс орнында тәжірибе жинақтайды . Зейнеткерлік жасқа толмаған 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін «Күміс жас» бағдарламасы бар. Оларға әдетте жұмыс табу қиын, бірақ мұнда жұмысқа орналасу мүмкіндігі зор. Сонымен бірге, бастапқы 12 айда жалақының 70%-ын; 13 айдан 24 айға дейін 65%-ын; 25 айдан 36 айға дейін – 60%-ын мемлекет өтейді, бірақ 30 АЕК-тен аспауы керек.
Жазғы жұмыс іздеп жүрген 16 жастағы мектеп оқушылары, ата-анасының келісімімен мемлекеттік жұмысқа орналасуға болады. «Жасыл ел» бағдарламаларында орын таппай жүргендер әртүрлі қоғамдық пайдалы жұмыспен айналыса алады. «Қоғамдық жұмыстар» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, 18 жастан зейнет жасына дейінгі жоғары білімі жоқ қала тұрғындары да тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері бар. Теміртау мансап орталығының жұмыс бөлімінің басшысы түсіндіргендей, мұндай қызметкерлер кемінде 40 АЕК алады. (147 680 теңге).»,-деді Екатерина Таскина.
Барлық жұмыс берушілер талап ететін 5 жыл бұрын бітірген 35 жастан аспайтын колледж және университет түлектеріне арналған «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бар. «Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламасына сәйкес жұмыс ұзақтығы 12 айдан аспайды, жалақыны жұмыс беруші белгілейді, бірақ 30 АЕК-тен кем емес.
«Ұрпақтар шарты» бағдарламасы бойынша оқу орнын үш жыл ішінде аяқтаған және жасы 35-тен аспаған түлектер жұмысқа орналаса алады. Мұндай орын зейнеткерлік жастағы жұмысшылардың жинақталған тәжірибесін беру үшін құрылуда. Жұмыс ұзақтығы 6 айдан аспайды, 30 АЕК жалақыны мемлекет төлейді. Ал жоба аяқталғаннан кейін жұмыссыз азамат тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі немесе зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкерді ауыстырады.

Акниет Асилбекова
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз