Доллар бағамы төмендеді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, — деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы  

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,98 теңгеге төмендеп, 441,64 теңге болды. Доллардың 30 сәуір мен 3 мамыр аралығындағы ресми бағамы — 446,38 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы — 443,15 теңге, ал сатылым — 446,25 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 440,44 теңгеден сатып алады, 444,50 теңгеден сатады.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз