Елдікке бастаған ерекше мереке

Биыл қазақстандықтардың аса маңызды мереке – Республика күнімен қайта қауышқанына екінші жыл толмақ. Бұған дейін де халқымыз 25 қазанды мемлекеттік мереке ретінде тойлап келгенді. Өйткені дәл осы күні қабылданған декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Ел аумағының тұтастығы, қазақ халқының және басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету, ұлттық болмысты қалыптастыру әрі нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітілді.

 

Ақиқатын айту керек, алғашқы кезде жүрексіну мен сенімсіздік басым болғанды. Неге десеңіз, газет оқырманы күн санап азайып жатқан шақ. Ақпараттық технология қарқын алып, жаңалықты дер шағында жеткізу мүмкіндігі артты. Қазір әлеуметтік желі арқылы оқиға орнынан хабар таратудың еш қиындығы жоқ. Оқырманмен кері байланыс орнатудың да мүмкіндігі бар. Ал, газет оқырман қолына кеш тиеді. Сәйкесінше, газеттің ақпарат құралы ретіндегі рөлі азайды. Десек те, қағаз басылым түбегейлі маңызын жойған жоқ. Неге десеңіз, газет – тасқа басылған тарих. Бүгін жазылып жатқан әр мақала мен хабарлама құжатқа айналып, тарихқа айналады.

Ұзақ жыл азаттық аңсап келген қазақстандықтар 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған декларацияны қуанышпен қарсы алып, Республика күнін тойлауды дәстүрге айналдырғанды. Әйтсе де, кейінгі жылдарда халық мерекеден қолүзіп қалды. Тек, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылдан бастап 25 қазан ұлттық мереке- Республика күні ретінде тойлана бастады. Осыған сәйкес, қаламызда халық бойлып елдікке бастаған ерекше мерекені тойлау жолға қойылмақ.

Қаламызда Республик күнін атап өту бір ай бұрын басталып кетті. Мәселен, 7 қазанда Достық үйінде «Туған жерімнің тарихы – туған елімнің тарихы» тақырыбында конференция өткен болатын. Ал, 16 қазанда әлеуметтік желіде «Republic Day» аясында «Қыран елім – Қазақстаным!» атты челендж басталды.

«19-24 қазан аралығында қала мектептерінде Республика күнін мерекелеуге арналған «Қазақстан – Республика менің», «Моя Республика-моя страна», «Қазақ елі – Отаным» атты сынып сағаттары мен салтанатты жиындар өтеді. Сонымен қатар, балалар өнер мектебінде мектеп оқушылары арасында «Отаным» патриоттық ән байқауы өтеді, ал Ғ.Жұбанова атындағы балалар көркемсурет мектебінде мектептің 70-жылдығына және Республика күнін мерекелеуге арналған «Бақытты Отаным» атты 2023 жылғы түлектер туындыларының көрмесі өтеді. Жалпы қаланың білім мекемелерінде 60-тан астам шара өтеді.

Сондай-ақ, осы күні Достық үйінде Ассамблея мүшелерінің, этномәдени бірлестіктердің, ақсақалдар кеңесі мен қала ардагерлерінің қатысуымен Қазақ мәдениетінің көрме залының ашылуы өтеді», — дейді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлмира Олжабаева.

Айта кетейік, республик күнін мерекелеуге арналған ең басты салтанатты шара 24 қазан күні Теміртау мәдениет сарайында өтпек. Салтанатты кеш барысында қаламызды өркендетуге ерекше үлес қосқан екі азаматқа «Теміртау қаласының Құрметті азаматы» атағы салтанатты түрде табысталады. Аталмыш шара қазақстандық эстрада әншісі Медеу Арынбаевтың қатысуымен «Менің Қазақстаным» атты мерекелік концертпен жалғасатын болады.

Ал, 25 қазан – Республик күнінде елордамызда Мемлекеттік туды көтеру салтанаты өтеді. Дәл сол күні қаламыздағы «Металлургтер» монументі жанындағы «Астана» алаңында «Қыран елім – Қазақстаным!» акциясы аясында мемлекеттік ту көтеріліп, әнұранымыз шырқалады.

Тағы бір маңызды айта кетерлік дүние, Республик күнін тойлау аясында қаламызда тұратын, жасы 75 жастан асқан 7324 қарияға 10 000 теңгеден бір реттік көмек көрсетілмек. Бұл үшін жалпы алғанда 73,2 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінген. Ал, «Жанашыр жүрек» акциясы аясында «Премьера» кинотеатрында 50 балаға мультфильм көрсету көзделуде.

Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ,

«Temirtau tynysy»

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз