«Энергетиктер» мәдениет сарайын қалпына келтіруге көптің көмегі керек

Жақында ғана қаламызда қуанышты жаңалық болды. Отыз жылға тарта уақыт қаңырап тұрған «Энергетиктер» мәдениет сарайы қала әкімдігінің балансына берілді. Алдағы уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне қызмет етпек. Осы орайда, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі көптен көмек сұрап отыр.

«Құрметті Теміртау қаласының тұрғындары!
Барлықтарыңызды ортақ, маңызды шара -Энергетиктер мәдениет сарайын қалпына келтіру мәселесіне қатысуыларыңызды шақырамыз.
Энергетиктер мәдениет сарайының бастапқы көрінісін қалпына келтіру үшін, бұрынғы жылдардағы қызметіне байланысты фотосуреттерді, газеттерден үзінділерді және басқа да материалдарды жинақтауға ескі қала ақсақалдарынан көмек сұраймыз.
Хабарласу телефоны: 92-21-59, 8-701-479-48-89», — дейді бөлім мамандары.

Әрине, бұл ғимараттың Теміртау үшін тарихи маңызы бар. Оны қайта жаңғыртып, келер ұрпаққа аманаттау — парыз.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз