ХІХ Азия ойындары: жарыс күнінің нәтижелері

26 қыркүйек күні Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны 1 күміс, 3 қола медальмен толықты. 10 метрден нысана көздеу бойынша командалық сайыста Бақтияр Ыбраев, Андрей Худяков пен Асадбек Нәзірқұлов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Аралас санаттағы пневматикалық мылтықтан 10 метрден нысана көздеу жарысында Ислам Сәтбаев пен Александра Ле жұбы үшінші орын иеленді. Дзюдошы Нұрлыхан Шархан 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азиаданың қола медалін жеңіп алды. Семсерлесу спортынан сынға түскен жерлесіміз Эльмир Әлімжанов Азия ойындарының қола жүлдесіне қол жеткізді.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз