IT-лагерь: Балалар жаңа технологияны меңгереді

Теміртау жоғары политехникалық колледжінің базасында мектеп оқушыларына ар-налған IT-лагерьдің салтанатты ашылуы өтті. Лагердің мақсаты жас теміртаулықтар-ды ерте кәсіби бағдарлау, жеке тұлғалық дамыту. Жүзге жуық талапты он күн бойы ақпараттық технологиялардың қыр-сырын білікті мамандардың көмегімен меңгеріп шығады.

— Біз сіздердің дамығандарыңызды қалаймыз. Әр кез білімге, ізденуге ұмтылыңыздар. Өздеріңіз қалаған ақпаратты, пайдалы білімді осы лагерден алып шығасыздар деген сенімдемін. Сіздерді мақтан тұтамыз, жақсы көреміз,- деді лагердің салтанатты ашылу рәсімінде қалалық мәслихат төрағасы Алексин Ломакин.
Оқыту бағдарламалары жас ерекшеліктерін ескере отырып ойын түрінде жасалған. 8-11 жастағы бастауыш мектеп оқушылары 3Д TinkerCAD модельдеу бағдарламасымен танысады, Scratch бағдарламасында ойын құруды үйренеді, Studio 2.0 бағдарламасын-да лего-құрастырғыш ойынын онлайн түрде құрастырумен айналысады және де 2D Python бағдарламасында ойындар ойнайды. Ал 11-15 жастағы ересек балалар үшін 3Д Blender-де модельдеу, Roblox-та жеке ойын әзірлеу, медиаконтентті веб-парақты жасау және безендіру көзделген. Күніне екі сағаттық ойын сабақтары қарастырылған. Күн тәртібінде сондай-ақ этно-экологиялық шеберлік сыныптары, шығармашылық шебер-ханалар, спорттық жарыстар, психологиялық тренингтер, бассейнге бару қарастырылған. Сондай-ақ, балаларды Қарқаралы ауданың сұлу табиғатына экскурсияға апару да көзделіп отыр.
Теміртау жоғары политехникалық колледжі — облысымыздағы ең үздік колледжердің бірі. Бұл жоба облысымызда ең алғашқы рет жүзеге асырылып отыр. Ары қарайда өз жалғасын табатынына сенімдіміз. Лагерьге жолдама алған балаларды құттықтаймыз. Уақыттарыңызды тиімді, көңілді өткізулеріңізге тілектеспіз», — колледждің Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Индира Ерданқызы.
Лагерь үшін колледждің барлық инфрақұрылымы яғни, IT орталық, спорттық стадион, спорт залдары, асхана, арнайы құрылған этникалық аймақ, тірі бұрыш алаңы пайдала-нылады.

Акниет Асилбекова
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз