Күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Президент мандаты  ұзақтығын  7 жылдық бір мерзіммен шектеуді және биыл күзде мерзімінен бұрын сайлау өткізуді ұсынды.  

«Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын», — деді Мемлеект басшысы.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз