Киік атуға берілген рұқсат ақбөкеннің түбіне жетіп тынбай ма?

1- сурет: Дәл қазір, ватсап чаттарда; “Киік етін сатамыз. Бүкіл рұқсат қағазы бар”,-деген жарнама қаңғып жүр. Телефонына дейін көрсеткен. Соған қарағанда, ешкімнен қорықпайды. Бұларға кім “добро” беріп отыр?
2- сурет: Міне, базарда киік еті ашық, еркін сатылып тұр. Бұл қалай? Кім көрінген даладан бөкен атып, етін базарға шығара бере ме? МВД, Экология министрлігі мынау проблемадан хабардар ма? Телефонына хабарласып па?
3- бейне: Мынау видеода бейтаныс азамат елдегі бүкіл аңшыларға; — Охотзоопром басшысы киік атуға рұқсат бергенін айтып, тездетіп бригада құрыңыздар,-деп сүйінші сұрап отыр.
Айтуынша әр сайгак үшін 4200 тг төленеді. Басынан ату керек. Ішек-қарнын төгіп, етін мясо комбинаттарға өткізу керек,-дейді.
Дәл осы жерде сұрақтар туып тұр. Аңшылар қысқа дейін 200 мың киік ату керек екен. Әр бөкенге 4200 тг төленсе, жалпы “киік қырғынға” мемлекет 840 млн теңге шығын етпек. Өте көп ақша. Жә, қазір бұған бөлек тоқталамыз:
Әуелі киік ату талаптарына келсек.
— Аңшылар бригада құру керек,-деді. Жалпы 20 бригада құрылады дегенді естідім. Бір бригада 4 адам болса, 80-100 аңшы болады. Қызығы Мемлекеттің қолында: “сен, сен атасың” деп арнайы аңшылардың тізімі жоқ. Кім көрінген киік атуға бармай ма? Мынау не шалалық?
— Киікті бастан ату керек,-делініпті шартта. Денесі бүлінбесін деген шығар? Бірақ, аңшы мылтығы бытырамен атылмай ма? Ол шашырап тиеді ғой? Егер оқпен атар болса, ертең аңшылар бір-бірін атып ап, өлім-жітім көбейіп кетпей ме?
— Арнайы мемлекет бекіткен аңшылар жоқ. Мылтық ұстауға рұқсаты бардың бәрі кеп, далада қырғын жасауы кәдік. 500 киік атып, ет комбинатқа 100 ғана тапсырса, кім қалай біледі? Сөйтіп бөкен етін базарға заңсыз сата бастамасына кім кепіл? Қадағалауға тиісті Охотзоопром-ның инспекторларының саны Орал өңірінде максимум 40 қызметкер шығар? Бірақ мәшинесі 10-нан аспайды. Аңшылар бригадасының қайсысын қадағалап, қайсысын аңдиды?
— Атылған киіктердің ішек-қарнын қайда тастайды? Дала қалдыққа толып, экологиялық апат болмай ма? Арнайы жерге төгу керек болса, оны тағы егерь қадағалауы керек пе? Ол ішек-қарынды қарай ма? Аңшыларды қадағалай ма?
— Аңшылар 300 киік аттық, оның 10 шақтысы теке,-деп есеп беріп, шын мәнінде 100 теке атып, мүйізін жасырын жинауы мүмкін ғой. Қорықшының айлығы 100 мың теңге ғана, аңшылардың крупный ауызбастырғысына көніп қалмай ма? Мұндай қатер жоқ емес, бар.
— Егінімді жеді-таптап кетті,-деп фермерлер шулады. Неге үлкен зерттеу жасалмады? Даулап отырған әлгі диқан қанша млн. субсидия алып отыр? Қанша млн. компенсация алды? Ал өңір бюджетіне қанша салық төлеп, пайда әкелді? Егер ол фермердің мемлекеттен алары көп, ал пайдасы мардымсыз болса, не керегі бар? Жерін алып, киік жайылымына қалдырған дұрысырақ емес пе? Неге ревизия әлі жасалмады нақты…
— Неге егін жиналып қойған, ешқандай проблема жоқ кезде атайын,-деп жатырмыз? Неге киіктердің көбею маусымы басталғалы жатқанда “атуға” рұқсат берілді?
— Қазір қырамыз. Қыс қалай болады? Биыл қоян жылы — жұт жылы. Киіктер қысқы жұтта қырылып, мүлдем киіктен айырылып қалмаймыз ба?
— 1 киік атуға 4200 тг жұмсалады. 200 мың сайгакты қыруға 840 млн теңге кетеді. Ау, осы көп ақшаны, көп инспекторды бөкендерді Үстіртке қарай көшіруге жұмсайық та? Оншақты үйірін көшіріп байқап көрейік. Иә, жолда өледі. Оны ғылыми шығын,-дейік. Сол шығынды киік санын қысқарту,-деп атайық. Біз тексеріп көрмей жатып, болмайды,-деп отырмыз. Тексерейік әуелі…
— Киік атуға 840 млн теңге бөлінгелі отыр. Бұл үлкен жемқорлық тудырмай ма? Бір дөкей оншақты бригада құрып, ет комбинатқа бір күнде мың киік өткіздім,-деп, шын мәнінде 500 данасын ғанп тапсырып, ақшасын зауыт басшысымен бөлісіп алмай ма?
— Ату керек,-деп көктемнен бері шулады. Президент рұқсат беріп еді, ештеме дайын емес. Әне, аңшыларды обьявлениемен жинап жатыр. Не бұл сонда?
Бір киіктің соңында 3 организация (Эколог министрлігі, Орман шаруашылығы комитеті. Охотзоопром) сосын пәленбай мың адам жүр. Осы көптің ішінен дұрыс ақыл айтар адам болмады ма?
Шетелден неге эксперт шақырмады еш болмаса?
Осы уақытқа дейін киік қорғауға қанша млрд жұмсалды? Мынау тірлік сол ақша, шаруаны желге шашу емес пе?
Нұрбек Бекбау,
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз