КОРРУПЦИЯ ЭКОНОМИКАҒА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?  

Сыбайлас жемқорлық тек елдің дамуына ғана кері әсерін тигізіп қоймай, халықтың өмір сүру сапасын да айтарлықтай нашарлатады. Сондықтан әр адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жеке күресінің маңыздылығын түсінуі қажет.

Сыбайлас жемқорлық көптеген мемлекеттердің, соның ішінде дамыған елдердің де негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша жоғары орындарда тұр, бұл елдегі күрделі жағдайды айғақтайды. Сыбайлас жемқорлықты жою бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанымен, бұл құбылыс кейде қалыпты жағдай ретінде қабылданады. Алайда, осындай құқық бұзушылықтардың өсуі мен таралуына кей кездері қазақстандықтардың өздері ықпал етуі мүмкін. Tengenomika Telegram-арнасының мәліметінше, мұндай әрекеттер ел экономикасы мен халыққа көптеген жағымсыз және деструктивті салдарлар әкеледі.

Экономикаға қалай әсер етеді?

Дереккөздің мәліметтері бойынша, парақорлықтың, сатып алу мен өзге де сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының таралуы экономикалық, әлеуметтік және саяси жағымсыз салдарлар тудырады. Мысалы, бұл экономикаға кері әсерін тигізіп, көлеңкелі сектордың ұлғаюына алып келеді, онда кәсіпкерлер салық төлеуден жалтарып, табыстарын жасырады. Бұл салық түсімдерінің азаюына және бюджет әлсіреуіне әкеледі. Сәйкесінше, мемлекет экономикаға қаржылық тетіктер арқылы ықпал ету мүмкіндігінен айырылады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық нарықтағы бәсекелестік қағидаларын бұзады, яғни кейбір ұйымдар мен тұлғалар басқалардан артықшылықтарға ие болады, бірақ бұл кезде олардың өнімдері мен қызметтерінің сапасы төмен болуы мүмкін. «Нарық механизмдерінің бұзылуы – бәсекеге қабілеттілер емес, пара арқылы артықшылыққа ие болғандар жеңіске жетеді, ал тиімді жеке меншік иелерінің пайда болуы баяулайды», – дейді сарапшылар.

Сыбайлас жемқорлықтың қазақстандықтардың өміріне әсері

Халық та сыбайлас жемқорлықтың теріс ықпалын сезінеді. Мысалы, бұл бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану түрінде көрініс табуы мүмкін, нәтижесінде мемлекет өз азаматтарына және бизнестеріне ұсынатын әлеуметтік қызметтер мен игіліктердің сапасы мен көлемі төмендейді. Яғни, көмекке мұқтаж адамдар тиісті жәрдемақыларын ала алмауы мүмкін, ал бизнес өз дамуына қажетті қаржыландыру бағдарламаларын қолдай алмайды.

Мұндай әрекеттердің нәтижесінде тауарлар мен қызметтердің бағасы өсіп, шарықтайды. Тиісінше, ең соңында тұтынушы зардап шегеді. Сонымен бірге, билікке деген сенім жоғалады, себебі сыбайлас жемқорлықтың өсуі биліктің экономика қатысушылары үшін әділ ережелер орнатуға және оларды сақтауға қабілетсіздігі ретінде қабылданады.

«Теория мен тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық өзінің табиғатынан тепе-теңдікті бұзушы фактор болып табылады және ол экономиканың сапалы дамуына, әрі маңыздысы, халықтың өмір сүру деңгейіне теріс әсер етеді», – деп атап өтеді Tengenomika.

   Нұрлыхан Қалқаманұлы,

Мақала Теміртау қаласы әкімдігі аппаратының тапсырысы бойынша «Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы аясында дайындалды

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз