МАХАББАТ ТУРАЛЫ ҚЫСҚА ӘҢГІМЕЛЕР…

Бүгін 15 жылдан бері катарактаның кесірінен суқараңғы 75 жастағы атам маған:
– Әжең жер бетіндегі ең сұлу әйел емес пе? – деді.
Мен бір сәт ойланып:
– Әрине, солай. Сіз қазір әжемнің сұлулығын көре алмағандықтан сағынатын шығарсыз?.
– Жоқ, — деп жауап берді атам, — мен оны күнде көремін. Шынымды айтсам, мен оны жас кезімізден гөрі қазір анық көремін».
***
Бүгін қызым тұрмысқа шықты.
10 жыл бұрын мен ауыр апаттан кейін жалынға оранған фургоннан 14 жасар баланы құтқардым.
Дәрігерлердің ол енді жүре алмайды деп «үкім» шығарды. Қызым менімен бірге ауруханада оған бірнеше рет барды. Содан кейін менсіз бара бастады.
Бүгін мен оның барлық болжамдарға қарамастан, екі аяғына нық тұрып, қызымның саусағына сақинаны салғанын көрдім.
***
Бүгін таңғы сағат 7-де (мен гүл сатушымын) дүкенімнің есігінің алдында тұрған форма киген жауынгерді көрдім. Ол Ауғанстанға ұшу үшін әуежайға бет алған екен.
– Менің жұма сайын әйеліме әдемі гүл шоғын сыйлайтын әдетім бар.
Соғысқа аттанып бара жатсам да, мен сол әдетімнен бас тартқым келмейді, — деді.
Содан ол маған 52 букет гүлге тапсырыс беріп, қайтып келгенше әр жұма күні кешке әйелінің кеңсесіне жеткізіп тұруымды өтінді.
Мұндай махаббатты бұрын көрмеген мен оған барлық букетке 50% жеңілдік бердім..
***
Бүгін кішкентай қызға операция жасадым. Оған I топтағы қан керек болды. Бізде ондай қан болмай шықты. Қыз егіз екен, сыңарына айтуға тура келді.
Мен оған бұл өмір мен өлім мәселесі екенін түсіндірдім.
Біраз ойланып тұрды да, ата-анасымен қоштасып, қолын ұсынды.
Біз оның қанын алғаннан кейін «Мен қашан өлемін?» деп сұрамайынша, оның неге бұлай істегенін түсінбедім. Ол бауыры үшін жанын қиып жатырмын деп ойлаған екен. Бақытымызға қарай, қыз жазылып кетті.
Желіден
Аударған Өмір Шыныбекұлы
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз