Нәзік жанды әскери қызметшілер

5516 әскери бөлімінде ерлермен бірге иық тірестіріп әскери қызметте нәзік жанды аруларда қызмет атқарады. Олар әскери қызметтің ауыртпашылғына қарамастан ер азаматтардан қалмайды. Әскери бөлімде «Погон таққан арулар» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

Бөлім командирі подполковник Данияр Усербаев 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай әскери бөлімнің әйелдерін «Жаны нәзік болса да, күш-жігері мықты әскери қызметші қыздар қызметтік міндеттерін орасан зор жауапкершілікпен атқарады. Әйел заты бар ұжымда әрқашан ұйымшылдық, өзара құрмет, ілтипат ұялаған, – деп атап өтті ол өзінің құттықтауында. Сонымен қатар жоғары қолбасшылықтан келген құттықтауларды жеткізіп, барлық аруларды марапаттады. Айта кететіні Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Булекпаевта погонды аруларға алғыс хатын жіберіп, құттықтады.

Іс-шараға қадірлі қонақ болып әскери бөлімнің ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы кіші сержант Аубакирова Загира Кусаиновна және ТТК телеарнасының тілшісі Куклина Виолетта Николаевна шақырылды. Оларға әскери бөлімнің тыныс-тіршілігіне белсене ат салысқандығы, әскери бөлімнің әсіресе Ұлттық ұланның имиджін арттыруға үлес қосқаны үшін марапатталды. Мерекелік іс-шара әскери бөлімнің және Теміртау қаласының мәдениет сарайының өнерпаздарының өнер көрсетуімен жалғасты.

Әскери бөлімде осы мерекеге орай іс-шаралар туралы айтатын болсақ. Сарбаздар өздерінің аналарын құттықтау үшін арнайы бейнебаян түсіріп ерекше құттықтады. Демалыс күні жоспары бойынша әрбір сарбаз видеоқоңырау арқылы өзінің анасын ерекше күнмен құттықтады.

Теміртау қаласы

5516 әскери бөлімі

майор Бахтияр Болтуруков

 

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз