Қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар үшін ақпараттық хабарлама

Жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың назарына.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 ҚРЗ 20-1-бабына сәйкес сайлауда қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу үшін құжаттарды қабылдау жүргізіледі, ол үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1. Нысан бойынша өтініш.
2. Сайлауды байқауды жүзеге асыру құқығын растайтын Жарғыдан үзінді көшірме.

Республикалық ҚБ және КЕҰ құжаттарды – Орталық сайлау комиссиясына, өңірлік және жергілікті ҚБ және КЕҰ облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларына ұсынады.

Аккредиттеу ережелерімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыз: сілтеме бойынша өту.

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы
https://t.me/electionelection

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз