Олжас Сүлейменов «Қазақстан халық конгресі» партиясының төрағалығына сайланды
Алматы қаласында «Қазақстан халық конгресі» жалпыұлттық қозғалысының съезі өтті. Оған еліміздің барлық аймақтарынан келген мың жарымға жуық делегет қатысып, бағдарламалық құжат пен даму бағыттарын талқылады.
Қайта құрылған «Қазақстан халық конгресі» партиясының бағдарламасы экономика, экология, денсаулық мәселесі, сапалы білім беру бағыттары бойынша жұмыс атқармаған.
Жиын барысында аймақтардан келген бастамашыл топ өкілдері партия төрағалығына бір ауыздан Олжас Сүйлейменовті сайлады. Сондай-ақ, партия Жарғысының жобасын мақұлдады.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз