Президент жаңа сенаторларды тағайындады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлығымен бірқатар сенаторлардың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Яғни, 13 сенатор VIII шақырылымдағы Парламент құрамында болмайды. Олардың орнына жаңа азаматтар тағайындалды.
Айта кету керек, наурыз айында қайта жасақталатын Мәжіліс құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын 9 өкіл болмайды. Кейінгі өзгерістер бойынша, оларға тиесілі мандат саны 5-ке қысқарып, Сенатқа берілген болатын. Осылайша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сейсенбі күні «Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ете отырып Жақып Қажманұлы Асановты, Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевті, Нұртөре Байтілесұлы Жүсіпті, Ләззат Молдабекқызы Қалтаеваны және Асқар Оразалыұлы Шәкіровті Сенат депутаттығына тағайындады.
Сонымен қатар, Президенттің жеке Жарлығымен Болгерт Евгений Андреевич, Кузиев Закиржан Пірмұхамедұлы,Ниязова Нурия Исмагиловна, Сатвалдиев Әлішер Ғапыржанұлы, Шиповских Геннадий Геннадьевич Қазақстан халқы Ассамблеясынан Сенат депутаты болып тағайындалды:
Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз