Qarmet полиция және медицина қызметкерлеріне автокөлік сыйлады

Теміртау қаласында Қарағанды облысының құқық қорғау органдары мен медицина қызметкерлері үшін арнайы көлік құралдары табысталды. Жаңа техникалармен облыс орталығына серіктес Теміртау, Саран, Шахтинск және Абай қалалары қамтылды.

«Біз тарихи сәтті бастан өткеріп жатқанымыз туралы айтуға болады. Аймаққа өзінің үлкен әлеуметтік бағдарламасы бар жаңа инвестор келді. Осы жұмыстың бастамасы ретінде мамандандырылған арнайы көліктер беріліп отыр.  Металлургия комбинаты аймақтың әлеуметтік-экономикалық өмірінде ерекше орын алатыны қуантады», – деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын.

Жаңа автокөліктер Qarmet компаниясының аймақ қызметкерлеріне тартқан сыйы болып есептеледі. Полиция қызметі үшін барлығы 10 бірлік техника және  жедел жәрдем қызметі үшін 5 бірлік көлік  берілді. Chevrolet және JAC маркілі көлігі  заманауи құрылғымен жабдықталған.

«Бүгін біз қауіпсіздік мәселесіне қаншалықты көңіл бөлетінімізді сіздер білесіздер. Бұл тек комбинатқа немесе шахталарға ғана қатысты емес, қала ішіндегі қауіпсіздік те маңызды. Аз да болса да біздің қосып жатқан үлесіміз, сіздердің атқырып жатқан ауыр қызметтеріңізге пайдалы болады деп үміттенеміз», – деп атап өтті Qarmet бас директоры Вадим Басин.

Қызмет өкілдерінің айтуынша, су жаңа көліктер Қарағанды облысында қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесінде және тұрғындарға жедел медициналық көмек көрсетуде оң әсер етеді.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз