Сарапшы «Канелоның» соңғы айқастағы басты қателігін айтты

ESPN телеарнасының сарапшысы Давид Файтельсон мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің және оның командасының ресейлік Дмитрий Биволмен өткен айқастағы басты қателігін айтты.

«Менің ойымша, мұның бәрі дұрыс бағаламаудан болды. «Канело» мен оның командасы Биволды таңдап қателесті. Бокс — бұл стиль. Бұл ретте Бивол жартылай ауыр салмақтағы чемпиондардың ішіндегі ең қиын қарсыласы болды. Ол Бетербиевке, Смитке немесе басқа да жартылай ауыр салмақтағыларға қарағанда көбірек және жақсы жұдырықтасады», — деп санайды Файтельсон.

Жеңілістен кейін бірден «Канело» Биволдан реванш өткізуді талап етті. Оған ресейлік боксшы келісімін берді. Осылайша, қыркүйек айына жоспарланған «Головкин-Канело» трилогиясы кейінге шегерілетін болады.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз