Шағын несие алуға өтінімдер қабылдау басталды
Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы өндірушілерінен микронесие алуға өтінімдер қабылдау басталды. Биыл өңірдің шаруалары үшін 3,4 млрд теңге бөлінеді.
Ауыл шаруашылығы саласының дамуы және шағын несие алу шарттары туралы өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары Сырым Бошпанов айтып берді.
— Мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, техника мен аспа жабдықтарын сатып алу және ауыл шаруашылығы емес бизнесті жүргізу бағыттары бойынша шағын несиелер беру жоспарлануда, — деп атап өтті Сырым Бошпанов. — Қарағанды облысы үшін ағымдағы жылға 3,4 млрд теңге бөлінді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Несие алуға өтінімдер және құжаттар қағаз жеткізгіште Қарағанды қ., Алалыкина көшесі 12, «Возрождение» бизнес орталығында орналасқан «Сарыарқа ӘКК» АҚ-де қабылданады. Анықтама үшін байланыс телефон нөмірі 8-705-573-34-91 (несие менеджері Наталья Тюрина). Құжаттар тізімімен мына жерден танысуға болады. Несие беру мамыр айына жоспарланған.
Биыл өңірде 19 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. 168 жұмыс орны құрылады. Бұқар жырау, Осакаров және Шет аудандарында жалпы сыйымдылығы 25,2 мың тонна болатын жаңа картоп қоймалары пайда болады. Осакаров және Абай аудандарында 732 гектар суармалы жер қалпына келтіріледі.
— Қарқаралы ауданында абердин ангус тұқымды ірі қара малдың аналық басын 500 басқа дейін ұлғайту жоспарлануда. Бүгінгі таңда Бұқар Жырау ауданында 7600 тонналық картоп қоймасын салу бойынша инвестициялық жоба іске асырылды, — деп атап өтті Сырым Бошпанов.
2022—2026 жылдарға арналған инвестициялық жобалардың Жол картасы шеңберінде өңірдің агроөнеркәсіптік саласында барлығы 3 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 72 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз