«Әскери қызметтің бір күні» медиа-жобасы өтті

Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығы мен «AMANAT» партиясының Жастар Рухы ЖҚ Қарағанды облыстық филиалымен бірлесіп жастарға «Әскери қызметтің бір күні» медиа-жобасын ұйымдастырды.

Қарағанды облысының жастары арасында әскери қызметті насихаттау және патриоттық тәрбие беру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан 6505 әскери бөлімінде «Әскери қызметтің бір күні» медиа-жобасына өңіріміздің 10 белсенді жастары қатысты.

Әскери бөлімде 1 күн бойы экскурсия өткізіліп, жастар әскердегі тағамдардан дәм татты.

Жастар арасында әскери қызметті насихаттау және Отанды қорғаудың маңыздылығы тақырыбында дәрістер өткізілді. Жастар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, өз көзімен әскери өмірді көріп, сезініп қайтты. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сыйлықтар мен мадақтама грамоталары табысталды.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз