СУ ТАСҚЫНЫ, СУ БАСУ қаупі туындаған және орын алған кезге арналған ЖАДЫНАМА
Көктемгі қардың күрт еруі кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін:
* Балалардың өзендерге, қазаншұңқырларға, терең арықтар мен жыраларға жақын жерде ойнауына тыйым салынсын;
* Өзендердің жағасында және су қоймасының плотинасына жақын орналасқан саяжай учаскелеріне барудан бас тартыңыз;
* Өзендердің, каналдардың, терең және кең арықтар мен жыралардың үстінде орналасқан құбырлар немесе басқа да конструкциялардан өтпеңіз;
* Келіп жатқан су құрғақ жерден бөліп тастамас үшін, өзендердегі жартылай аралдарға бармаңыз;
* Жазатайым оқиғаны болдырмау үшін белгіленбеген және таныс емес орындарда өзендерден, каналдардан және басқа да су айдындарынан мұз арқылы өтпеңіз;
* Балықшылар бұл кезеңде су толығымен төмендегенше балыққа аулаудан бас тартқан жөн.
Елдімекендерде, жеке секторда тұрып жатқан ХАЛЫҚ:
* Ауладан және іргелес аумақтан қар барынша тазаланып, қауіпсіз орынға шығарылсын;
* Еріген қар суының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін нөсер арналарының, арықтардың, жыралардың, су өткізгіш құбырладың және басқа да су бұру құрылғыларының уақтылы тазалануына ерекше назар аударылсын;
* Еріген қар суы үйдің конструкциясына кірмеуі үшін ғимараттың қабырғасы мен іргетасын қардан тазалау жүргізілсін;
* Ғимарат шатырынан су өтіп кетуін болдырмау үшін, шатырды қар мен мұздан тазалау жолымен еріген қар суының жеткілікті ағып кетуін қамтамасыз етіңіз;
* Су басу қаупі туындаған жағдайда су кіріп кеткен кезде ықтимал шығыннан қорғау үшін электр құралдарын, тұрмыстық техниканы және бағалы заттарды жоғарғы қабатқа шығарыңыз;
* Жазатайым оқиғаға, өртке жол бермеу үшін электр шараушылықтарына, электр қорғағыш аспаптардың жарамдылығына, агрегаттарға алдын ала түгендеу жүргізіңіз.
Су басу қаупі бар елдімекендерде тұратын ХАЛЫҚ, ТЖ туралы хабарлама алған кезде:
* Киім-кешек, азық-түлік тағамдарын, ауыз су қорын жинасын, газ және электрэнергиясын сөндіріп, эвакуациялық іс-шараларға дайын болсын;
* Үй жануарларын, құстарды қауіпсіз жерге эвакуациялауға дайындасын. Жертөлелердегі және басқа да тереңдегі үй-жайлардағы азық-түлікті шығарып, шатырларға немесе су баспайтын үй-жайларға орналастырсын;
* Үйді және шаруашылық үй-жайларды жергілікті билік өкілдеріне күзетке тапсыруға дайын болсын;
* Барлық жерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етсін. Алған ақпарат туралы көршілерге хабарлаңыз, бұл істе қарттар мен науқастарға көмек көрсетіңіз. Кез келген жағдайда сабырлы болыңыз, дүрбелеңге берілмеңіз.
Гидротехникалық ғимараттардың БАСШЫЛАРЫ (МЕНШІК ИЕЛЕРІ):
* Қар көп түскен жерлерден қарды, су басу болуы ықтимал аймақтардағы арналар мен су ағатын жүйелерді тазартып, су жіберетін құрылғылар мен механизмдерді алдын-ала, дер уақытында жөндесін;
* ТЖ қаупі болуы туралы мемлекеттік органдар мен тұрғындарды дер кезінде хабардар етіңіз.
Теміртау қаласының ТЖ басқармасы
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз