Талапкерлер 4230 теңге төлеп, наурыздағы ҰБТ-ға қатыса алады

2023 жылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініш беру app.testcenter.kz сайтында 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында жүргізіледі.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, тестілеудің өзі 14-30 наурыз аралығында өтеді.

Бұл тестілеуге мына адамдар қатыса алады (ақылы оқуға түсу үшін):

– мектептің 11 (12) сынып оқушылары;

– мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері, колледждің биылғы түлектері;

– ЖОО-ға шартты түрде қабылданған студенттер;

– шетелде білім алған түлектер, ҚР азаматы емес, шетелде білім алған ұлты қазақ адамдар.

Тестілеуге қатысу құны – 4230 теңге.

Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін орынды, күнді және уақыттыөзі таңдайды.

Қосымша сұрақтар болса, мән-жайды мына нөмірлерден білуге болады: +7 (7172) 69 52 80, 69 50 96.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз