Тегін заңгерлік көмек көрсетілді

Бұрнағы қаламызда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Көптің көкейіндегі сауалды дөп басып, қажетін өтеген шараны Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz әлеуметтік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Теміртау әкімдігі және қалалық заңгерлер қоғамы ұйымдастырған.

Мәдениет сарайында өткен акция барысында қырықтан астам теміртаулыққа тегін заңгерлік көмек көрсетілді. Бірінші қабатта заңгерлер, мемлекеттік органдардың өкілдері, салық қызметі және полиция мен прокуратура органдарының мамандары тұрғындарды кезегімен қабылдап, өз салалары бойынша кеңестерін айтты. Барлығы 24 маман қатысқан. Олардың тоғызы адвокаттар, нотариустар мен заңгерлік қауымдастықтардың өкілдері.
— Ке зкелген қала тұрғыны келіп, өздерінің сауалдарын жолдау мүмкіндігіне ие болды. Тұрғындарды қабылдау уақытына шектеу қойылған жоқ. Мамандар соңғы тұрғын келгенше қызмет көрсетті. Бұл акцияның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету, — дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Гүлнұр Әбдіғалиева.
Тұрғындар негізінен алимат өндіріп алу, жеке сот орындаушыларының жұмысы, салық төлемдері, коммуналдық қызметтер және құқық қорғау органдарының жұмысы туралы сауал қойды.

Акниет Асилбекова
Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық
университетінің студенті

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз