Теміртау қаласында Энергетиктер мәдениет сарайы қала балансына қабылданды

Теміртаудың ескі қала бөлігіндегі талай жылдан бері қаңырап тұрған Энергетиктер мәдениет сарайы қала балансына қабылданды. Бұған дейін нысан ГРЭС-1 кәсіпорынына тиесілі болғанды. Әйтсе де, талай жылдан бері күтім көрмей, әбден тозған нысанның қазіргі жайы жаншошырлық. 

Теміртау тарихында айрықша орны бар ғимаратты сақтап қалу мәселесі бұған дейін де талай мәрте көтеріліп, айтылып келді. Арада қаншама келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде тарихи нысан қала әкімдігінің балансына қабылданды.

  • Шаһарамыздың мәдени орындарының бірі Энергетиктер мәдениет сарайы 1961 жылы салынған және 1996 жылға дейін қала тұрғындары арасында танымал мәдени нысандардың бірі болды.
    Уақыт өте келе, дұрыс ұсталмағандықтан, ғимарат тозып кетті, оның қираған көрінісі тұрғындарды алаңдатқаны рас. Жақында мәдениет сарайының қайта жандануы туралы мәселе жиі көтерілді.
    2021 жылы Теміртау қаласының әкімдігі мен «Bassel Group LLS» ЖШС ғимаратының меншік иесі арасында Энергетиктер МҮ ғимаратын коммуналдық меншікке өтеусіз беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Жылжымайтын мүлікті заңды тазарту процедурасы бір жылдан астам уақытқа созылды, — дейді Ораз Тәуірбеков.

Қала әкімі Ораз Тәуірбековтің айтуынша, алдағы уақытта мәдениет сарайы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Құрылыс барысында нысанның тарихи және архитектуралық ерекшеліктерінің сақталуына бас мән берілмек. Ал, жөндеу жұмыстары аяқталған соң, ол жаңадан құрылатын «Энергетиктер сарайы» КМК мекемесіне беріледі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Temirtau tynysy (@temirtau.tynysy)

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз