Теміртау мен Балқашта ауданаралық ауруханалар пайда болады

Ауданаралық ауруханалар Балқаш және Теміртау медициналық мекемелерінің базасында ашылады. Олар инсультпен, миокард инфарктісімен, жарақаттармен және патологиялармен жеткізілген шұғыл науқастарға қызмет көрсетеді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте Денсаулық сақтау жүйесінің дамуы туралы Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қалдыбек Исмаилов айтып берді.

– Ауданаралық ауруханалар белгілі бір патологиясы бар науқастарды жеткізу үшін алтын сағат стандартын сақтауға мүмкіндік береді. Жергілікті бюджеттен Балқаш және Теміртау ауруханаларының бөлімшелерін күрделі жөндеуге қаражат бөлінді. Сонымен қатар, ангиографтарға қосымша құрылыс салу үшін ЖСҚ әзірленуде, – деді Қалдыбек Исмаилов.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша 6 ФАП салынуда. Алдағы екі жылда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша тағы 92 нысан пайда болады.

– Жергілікті бюджет қаражаты есебінен облыстық онкологиялық диспансердің операциялық-реанимациялық блогының қосымша құрылысы аяқталуда. Онкодиспансерді жарақтандыру бойынша біздің ұсыныстарымыз онкологиялық қызметті дамыту жөніндегі кешенді жоспарға енгізілген. Сондай-ақ биыл жеті орталық аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады, – деп атап өтті Қалдыбек Исмаилов.

Сонымен қатар, биыл Түркияда, Израильде, Германияда және таяу шет елдерде 30-дан астам жас дәрігердің біліктілігін арттыру жоспарлануда. Осы жылдан бастап кадрлық проблемаларды шешу үшін моноқалалар мен ауылдардағы жұмыс кестесін айқындай отырып, облыстың жетекші клиникаларында жұмыс істейтін бейінді мамандар үшін интеграцияланған келісімшарт енгізілетін болады.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз