Теміртауда алып бала өмірге келді

22 ақпанда Теміртау қаласындағы Көпбейінді ана мен бала орталығында салмағы 5055 грамм сәби дүниеге келді. Ана мен сәби денсаулығы дәрігерлер бақылауында.

  • 22 ақпанда жедел жәрдем қызметкерлері перзентханаға жүкті келіншекті алып келді. Дәл сол күні толғағы басталып, салмағы — 5055 грамма, бойы – 57 сантиметр ер бала өмірге келді. Бұл келіншектің төртінші баласы екен. Бұған дейінгі үш баласы 4 келі салмақпен дүниеге келген, — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Сәбидің дүниеге келуі дәрігерлер үшін де анасы үшін де үлкен қуаныш болғаны анық. Перзентхана қызметкерлері қазірдің өзінде бойы мен салмағына қарап баланы Батыр атандырған. Олардың денсаулығы жіті бақылауда. Дәрігерлердің хабарлауынша, олардың денсаулықтарында еш кінәрат жоқ.

Айта кету керек, Қарағанды облысы үшін алып балалардың өмірге келуі таңсық дүние емес. Мәселен, 2022 жылы өмірге келген 54 баланың салмағы құрбыларынан салыстырмалы түрде жоғары болған. Ал, 10 баланың салмағы 5 келіден асып кетіпті. Олардың ішіндегі ең ауыр салмақ – 6520 грамм болған екен. Ал, Теміртау қаласында жыл басынан бері Теміртау қаласындағы Көпбейінді ана мен бала орталығында ауыр салмақпен 4 сәби өмірге келіпті.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз