Теміртауда бала зорлады деген күдікті сот ғимаратында өзіне қол жұмсады

Теміртау сотының уақытша ұстау камерасында қамауға алынған адам суицид жасады. Төтенше жағдай 57 жастағы күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын санкциялағаннан кейін болған.

«Тергеуге алынған сотталушы кәмелетке толмаған балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», — делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Облыстық соттың баспасөз қызметі күдікті сот ғимаратының арнайы изоляторының камерасында асылып, өзіне қол жұмсады деп мәлімдеді.

Қарағанды облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы Теміртау қаласы полиция басқармасы қызметкерлерінің қызметтік міндеттеріне немқұрайды қарау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз