Теміртаудың жеке секторының 156 тұрғыны өз үйлерін газдандыруға біржолғы көмек алды

Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2022 жылдың маусым айынан бастап қала тұрғындарына тұрғын үйлерді газдандыру бойынша көмек көрсетуді жалғастыруда.

Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес мынадай санаттар айқындалды:
* Жасы бойынша зейнеткерлер;
* Мүгедектігі бар адамдар;
* Мүгедек балалар;
* Көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасылар.
•Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
* Басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері;
* Жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер.

Біржолғы көмектің шекті мөлшері 130 АЕК құрайды, бұл бүгінде 479 960 теңге. Газ жабдығын орнатуға шарт жасалған сәттен бастап 6 ай ішінде көмек сұрауға болады. Толық кеңес пен түсініктемені мына мекен-жайдан алуға болады: Чайковский көшесі 22, 2 қабат, 3 кабинет. Телефон 95 55 55

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз