Теміртаулық көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградалары тапсырылды
Қала әкімінің орынбасары Самат Зияшев көпбалалы аналарға Қазақстан Республикасының «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградаларын табыстады.
«Алтын алқа» жеті баланың анасы Латира Мәулітке табысталды. Ал, «Күміс алқамен» алты баланы өмірге әкелген Татьяна Мельник, Мария Брадецкая, Жанна Сексенбаева, Нұрсұлу Тұяқбаева, Анжела Гошадзе, Нұрсұлу Бектұрсынова марапатталды.
«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларын алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары әкімдікке мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1. Балалардың туу туралы куәлігі;
2. Ананың жеке куәлігі;
3. Балалардың жеке куәлігі;
Бүгінде қалада «Күміс алқа» алқамен марапатталған 406 әйел және «Алтын алқа» алқа иегері атанған 207 ана тұрады.
Қала әкімінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз