Теміртаулық әскери волейболшылар жүлдемен оралды

Қаңтардың 16 мен 19 аралығында Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінде спорттық – бұқаралық іс-шаралар жоспарына сәйкес волейболдан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының біріншілігі өткізілген болатын.
Жарысқа «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 22-ші спартакиадасының аясында СҚО, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарынан келген әскери бөлімдердің құрама командалары қатысты.

«Бүгін бөлімінің тарихында бірінші рет салынған жаңа спорт залында қонақтарды қабылдау құрметіне ие болдық. Әскери қызметшілерге ыңғайлы болу үшін , олар әркез дайындықта болулары үшін арнайы салынған спортзал өте кең және спорттық жабдықтармен қамтылған. Бұл спорттық жарысқа әр қаладан келген барлық әскери қызметшілер, атап айтқанда «Орталық»өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің командалар қатысады. Осы ойындардың қорытындысы бойынша Бас қолбасшының кубогы үшін ең мықтылар анықталып, содан кейін республикаға Ұлттық ұланның волейбол командасының атынан қатысатын команда анықталады», – деп атап өтті 6697 әскери бөлімінің командирі полковник Талғат Әбдіров.

Қатысушылардың өздері айтқандай «өте тартысты ойын». Ең мықтылардың бас қосқан додасы шешуші сәтте жеңіс тұғырына мүлде басқа командаларды көтерді. 19 қыркүйек күні спорт алаңында командалардың соңғы ойындары өтіп қорытынды шығарылды Айтулы жарыста спортшылардың дене шынықтыру дайындығы бойынша шыныққан, жеңіске деген құлшыныстары да үш күн бойы ұласқан ойында күн сайын жандана берді.

Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:

жүлделі үшінші орынды жарыс ұйымдастырушылары 6697 әскери бөлімінің құрама командасы еншіледі;

екінші орынды Теміртаулық 5516 әскери бөлімі жеңіп алса;

спартакиада жеңімпазы, өзгеден алға шыққан Петропавлдық 6637 әскери бөлімі биылғы жылы бірінші орынды айқын басымдықпен жеңіп шықты.

Жеңімпаздар Кубок пен Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының мақтау қағаздарымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз