«Тіл мүддесі – ел мүддесі»

Қай кезде де туған тілің, туған анаң секілді.
Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде,
Олар елін, тілін қорғап жанын қиған бұл кезде»- деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай, Ана тілімізді қадірлеп, өскелең ұрпаққа кеңінен жеткізуіміз керек. Бұл біздің басты міндетіміз. Қазақ тілінің құдіретін қанша сөзбен айтсақта, оны жеткізу мүмкін емес.

Президент Қасым –Жомарт Тоқаевтың жолдауында бүгінгі күнгі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне баса назар аударды. Тіл тұғырының биікке көтерілгені – халық мәртебесінің жоғарылауы. Алдағы уақытта туған тіліміздің мәртебесі күшейіп, ұларалық қатынас құралына айналатынына сенеміз.
Бойымызға анамыздың сүтімен дарыған ана тілімізді ардақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу біздің мақсатымыз. Тіл болашағының жарқын болуы саналы да қуатты жастардың қолында, Себебі, өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Ендеше татулықпен пен тұрақтылықтың негізіндей болған туған тіліміз тұғырлы, тәуелсіздігіміздің ғұмырлы болуы үшін баршамыз тіл мерейіннің жоғарылауы үшін еңбектенуге тиіспіз.

М.С.Джумашова,
Теміртау қаласының Орталық кітапханасының кітапханашысы

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз