Тоқаев жаңа экономикалық саясаттың басым бағыттарын атады

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңа экономикалық саясаттың басым бағыттарын атады.

«Жаңа экономикалық бағдардың басым бағыты жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру яғни, мемлекеттік капитализм мен мемлекеттің экономикаға шектен тыс килігуінен кету; бәсекелестікті дамытып, баршаға бірдей мүмкіндік жасау және әрине, ұлттық табысты әділетті бөлу болмақ», — деді Президент.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы елдің экономикалық саясатының базалық мақсаты өзгермейтінін, яғни ел азаматтарының  сапалы әрі инклюзивті тұрмысы қамтамасыз етілу керек екенін жеткізді.

 

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз