Веломарафоншы 55 күнде 5555 шақырымды бағындырмақ
Әуесқой велосипедші Ернат Мелсұлы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған халықаралық велошеруге қатысады. Марафон мерейтой иесінің туған күні, 5 қыркүйек күні қоғам қайраткерінің отаны Ақкөл ауылында басталып, Ыстамбұлда аяқталады. Ернат 55 күнде 5555 шақырымды жүріп өтпек.

– Бұл сапарға жаз бойы дайындалдым.
700 мың теңгеге жаңа велосипед сатып алдым, ол жеңіл, әрі жылдам. Сондай-ақ, мен тиімділік пен жылдамдықты арттыруға көмектесетін велосипед аяқ киімін сатып алдым. Өзіммен бірге алып жүрген жүктің жалпы салмағы 30 кг құрайды, – деді веломарафоншы.
Ернат еліміздің төрт облысын (Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау) және Әзірбайжан, Грузия және Түркия аумағын жүріп өтеді.
– Велосипедпен Маңғыстау облысына жетемін. Ол жерден құрғақ порт арқылы Бакуге дейін жол тартамын. Содан кейін мен велосипедпен Стамбулға қарай жүремін. Жолда байланыс нашар, бірақ мүмкіндігіме қарай еңсерілген жол мен болған жерлер туралы өзімнің әлеуметтік желілердегі парақшаларымда жазатын боламын, – дейді Ернат.
Екі айлық марафонның негізгі мақсаты Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығын, Абай Құнанбаевтың Tolyq Adam тұжырымдамасын дәріптеу болып табылады. Сондай-ақ, веложарыс Қазақстан мен Әзірбайжан, Грузия мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орайластырылған.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз