Жеке секторға су құбыры қашан жетеді?
Теміртау қаласы бойынша су құбыры желісін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 4А орамда құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынған. Сонымен қатар, Тәшенов көшесінде, Панфилов көшесінде (Республика даңғылынан Колхозная көшесіне дейін) және Оң жағалауда жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, «Bertys CONSTRUCTION» ЖШС мердігері (бұрынғы атауы «Қазақстандық құбыр оқшаулау зауыты» ЖШС) жалпы жоспардан 46,902 км. құбыр желісінің көлемін 27, 112 км орындаған болатын.
Жұмыстарды ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған, оның ішінде:
— Оң жағалау- 4,155 км.
— Ескі қала- 8,386 км.
— Әлеуметтік қала — 7, 249 км.
«Су құбыры желілерін қайта жаңарту» жобасын іске асыруға бюджеттен барлығы 1,7 млрд. теңге бөлінді.
Қала тұрғындарынан жұмыстарды жүргізу барысында туындауы мүмкін уақытша қолайсыздықтарға байланысты шыдамдылық пен түсіністік танытуларын сұраймыз. Біз су құбыры желілерінің сапасы мен сенімділігі заманауи талаптарға сай болуы және қала тұрғындарының жайлы тұруын қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз.
Қала әкімінің баспасөз
қызметі.