Жекеменшік мектеп салыңыз және сіздің мектебіңізде оқушылардың оқығаны үшін мемлекеттен жылына 92 млн. теңге алыңыз.
Шарттары қандай?
Мектеп құрылысы үшін — 1 оқушыға 8 жыл ішінде жылына 96 АЕК;
Мектепті реконструкциялау үшін — 1 оқушыға 8 жыл ішінде жылына 47 АЕК;
Жан басына шаққандағы норматив — бір оқушыға жылына орта есеппен 590 000 теңге (төлем мектеп жұмыс істеп тұрған барлық уақытта жүргізіледі).
8 жыл ішінде кәсіпкер жаңа жекеменшік мектеп салу үшін ала алады:
— Бір оқушыға 2 649 600 теңге + бір оқушыға 4 720 000 теңге (жан басына шаққандағы норматив);
8 жыл ішінде кәсіпкер ғимаратты жекеменшік мектепке реконструкциялау үшін ала алады:
— Бір оқушыға 1 297 200 теңге + бір оқушыға 4 720 000 теңге (жан басына шаққандағы норматив);
Яғни, 100 орындық жекеменшік мектеп салу кезінде мемлекет 8 жыл ішінде кәсіпкерге ғимараттың амортизациясы үшін 264 млн. 960 мың теңге және жан басына шаққандағы норматив 472 млн. теңге төлейді.
100 орындық жекеменшік мектепті реконструкциялау кезінде мемлекет 8 жыл ішінде кәсіпкерге ғимараттың амортизациясы үшін 129 млн. 720 мың теңге және жан басына шаққандағы норматив 472 млн. теңге төлейді.
Бұл ретте, мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер аяқталғаннан кейін объект кәсіпкердің меншігінде қалады.
Құрылыс/реконструкция үшін төлемдер 8 жыл ішінде ай сайын 9 ай бойы, ал жан басына шаққандағы нормативтер мектеп жұмыс істеп тұрған уақыт бойы төленеді.
Мемлекеттен төленетін төлемдерден басқа, кәсіпкер оқу ақысын белгілеуге құқылы, ол оның кірісі есебінен жүзеге асырылады, бірақ қазақстандық оқыту нысаны кезінде жылына 1200 АЕК-тен аспайды, халықаралық оқыту нысаны кезінде жылына 2400 АЕК-тен аспайды.
Мектептердегі оқушылар орындарының тапшылығы мәселесі барлық өңірлер үшін өзекті болып отыр. Статистикаға сәйкес, оқушы орындарына мұқтаж оқушылар саны 270 мыңнан асады.
1 орын — Түркістан облысы-42 842 орын
2 орын — Алматы қаласы — 39 065 орын
3 орын — Шымкент қаласы — 27 931 орын
4 орын-Алматы облысы — 22 864 орын
5 орын — Астана қаласы — 20 973 орын
6 орын — Жамбыл облысы — 17 312 орын
7 орын — Ақтөбе облысы — 16 321 орын
8 орын-Атырау облысы — 14 414 орын
9 орын-Ақмола облысы — 12 923 орын
10 орын — Маңғыстау облысы — 10 503 орын
11 орын — Абай облысы — 8 719 орын
12 орын — Қызылорда облысы — 8 589 орын
13 орын — Солтүстік Қазақстан облысы — 6 514 орын
14 орын-Батыс Қазақстан облысы — 5 198 орын
15 орын-Жетісу облысы — 5036 орын
16 орын — Шығыс Қазақстан облысы — 4319 орын
17 орын-Қарағанды облысы — 2 468 орын
18 орын — Қостанай облысы — 2 436 орын
19 орын — Павлодар облысы — 1 219 орын
20 орын — Ұлытау облысы — 459 орын.
Ақшалай төлемдер түріндегі мемлекеттің жоғары қажеттілігі мен қолдауын ескере отырып, кәсіпкерлерге жеке мектептер салу тиімді деген қорытынды жасауға болады.
Бағдарламаның операторы «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады және бағдарламаға қатысу үшін жерге құқық белгілейтін, сәйкестендіру құжаттарымен, заңды тұлғаның болуы туралы құжаттармен алдын-ала келісімшарт жасасуға өтінім беру жеткілікті.
Бағдарлама туралы толық ақпаратты қаржы орталығының fincenter.kz сайтынан немесе 8-800-080-28-28 нөмірі бойынша алуға болады.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз