2023 жылға арналған Теміртау бюджеті 26,8 пайыз өскен

2022 жылдың қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші өскен. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2021 жылға қарағанда 13% — ға төмендесе, ақ қаңылтыр өндіру 1,5 есеге өсіп отыр.

-«Инвестиция саласында, қала кәсіпорындары мен ұйымдары негізгі капиталға 120 млрд. 220,8 млн. теңге көлемінде инвестиция құйды, бұл 2021 жылға қарағанда 1,7 есе көп. «АМТ» АҚ бойынша 102 млрд. 424,2 млн. теңгені құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. Жалпы инвестиция көлеміндегі үлесі — 85,2 пайызды құрады»,-дейді Теміртау қаласы Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Аймангүл Сыдықова.

Ал, құрылыс жұмыстарының көлемі 62 млрд. 44,8 млн. теңгені құрап отыр. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 31,7% — ға өскен.

-«Ал, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 8 млрд. 483,3 млн.теңгені құрады, 2021 жылға қарағанда 20,1%-ға өсіп отыр. Оның ішінде мал шаруашылығы — 932,3 млн. теңге. Бұл 107,2 пайыз. Өсімдік шаруашылығы — 7 млрд. 544,2 млн. теңге, немесе 121,9 пайыз құрады»,-дейді Теміртау қаласы Экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

Жалпы алғанда, 2023 жылға арналған қала бюджеті 2022 жылмен салыстырғанда 26,8% -ға өсіп отыр. Бүгінде қала қазынасы 30,7 млрд. теңгені құраған.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз