Қарағанды облысында Түркияға гуманитарлық көмек жинау басталды
Қарағанды облысының еріктілер фронт-кеңсесі жер сілкінісі кезінде зардап шеккен Түркия тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинайтыны туралы жариялайды.
Қазіргі уақытта гуманитарлық көмекке ең бірінші кезекте келесі заттар қажет:
— ересектер мен балаларға арналған қысқы киім: пальто, куртка, жаңбыр жамылғысы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, іш киім және т. б. Заттар жаңа немесе таза және бүтін болуы керек;
— көрпелер, ұйықтайтын қапшықтар;
— термос, қол шамдары, қуаттағыш құрылғылар;
— памперстер, жеке және әйелдер гигиенасы құралдары.
Жинау пунктінің мекенжайы: Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 4, каб. 102
Байланыс телефондары: (8-7212) 40-08-71, 8-708-272-64-70 (Арман).
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз