Тарихи жеңіс: Қазақстан су спортынан тұңғыш алтын жүлдені иеленді

Дохада өтіп жатқан әлем біріншілігінде еліміз тарихи жеңіске қолжеткізіп, қос спортшымыз синхронды жүзуден алтын медаль иегері атанды. Аралас жұптың сында өнер көрсеткен  Наргиза Болатова мен Эдуард Ким өзгелерден оза шауып, 228.0050 ұпай жинаған. Жеңіс тұғырынан көрінген жерлесіміз Наргиз Болатованы Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков құттықтады. 

Наргизді лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл спортшының да, оның жаттықтырушыларының да үлкен еңбегінің нәтижесі. Наргизге қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауға, өзінің спорттық білімі мен іскерлігін жетілдіруді жалғастыруға тілектеспін! Наргиз Болатова-біздің қаламыздың және бүкіл елдің мақтанышы!, — деп жазды қала әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кету керек, алтын жүлдегер Наргиз Болатова 7 жасында “Строитель” стадионында спортпен шұғылдана бастаған. Қазіргі таңда  халықаралық дәрежедегі спорт шебері, су түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрамасының капитаны.

Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ,

«Temirtau tynysy»

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз