Теміртаудың ұландары ант қабылдады

Теміртау қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5516 әскери бөлімінде ақпанның 3 күні 100-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады. Әскери ант қабылдау рәсіміне Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарынан ата-аналар ат терлетіп келді.

Салтанатты рәсімге «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшының тыл жөніндегі орынбасары полковник Қажыбаев Қуаныш Азамханұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы генерал-майор Рүстемханов Ерсайын Шамғонұлы, Теміртау қаласының Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Мусин Ислам Тұрсынұлы, Теміртау қаласының төтенше жағдай басқармасының бастығы азаматтық қорғаныс полковнигі Интуев Нұрмұхамед Серікұлы, сонымен қатар «Сарбаздар аналары» Аналардың жүрегі» комитетінің өкілі құрметті ардагеріміз запастағы кіші сержант Аубакирова Загира Кусаинован құттықтап келді. Мұндай тұлғалардың қонақ болып келуі әскери анттың маңызды рәсім екендігінде. Олар жас ұландарды болашақта өз Отанының сенімді қорғаушысы болып, өз міндеттерін адалдықпен орындауға және жауапкершілікпен қарауға шақырды. Аталмыш іс-шараға жастарға патриоттық сезімді дарыту мақсатында Теміртау қаласының Жоғары политехникалық колледжінің студенттері келіп куә болды.

«Мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 5516 әскери бөлімінде қызмет атқарып жүргенімді мақтан тұтамын. Ең алдымен бізге қамқор болып, жылы жүзбен қарсы алған біздің командирлерімізге үлкен рахмет айтқым келеді. Осы күндері  біздің командирлер мен сержанттар бізді үйретіп, тәрбиеледі, әскери іске деген қызығушылығымызды арттырды. Біз бөлімге келген күннен бастап, осы күнге дейін үнемі бізбен бірге болып, бізді үйретумен болды», — деп бөлісті қатардағы жауынгер Нұрхан Сансызбай.

Теміртау қаласы

кіші сержант Ержан Мунбаев

 

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз