Түркиядағы құтқарушылардың екінші легі Астанаға оралды
Түркияның Нурдагы қаласындағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырылған қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны елге аман-есен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР ТЖМ құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері бар борт Астана әуежайына қонды. Оларды қазақстандықтар, туыстары, достары мен әріптестері күтіп алды. ТЖ министрі Юрий Ильин мен Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи (Ufuk Ekici) да құтқарушылардың алдынан шығып, олардың әрқайсысына атқарған қиын жұмысы үшін алғыстарын білдірді. Сондай-ақ олардың іс-әрекеттерін кәсіби, ержүрек және нәтижелі деп бағалады.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз