Теміртауда жылу маусымының өтуі ерекше бақылауда
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында журналистермен кездесіп, бірқатар өзекті сауалдарға жауап берді. Оның ішінде Теміртау қаласындағы жылу маусымын өткізу мәселесі де бар.Аймақ басшысының айтуынша, Теміртауда жылу маусымының өтуі ерекше бақылауда. Облыста уақтылы әрекет ету үшін барлық жылу көздерінің жұмысын бақылайтын жедел штаб құрылды.
– «АрселорМиттал Теміртау» ЖЭО-2 біздің талабымыз бойынша дайындық паспортын алған жоқ. Олар 4-ші және 5-ші қазандықтарды жөндеуді ұзаққа созып алды. Біз апта сайын сол жерге барамыз және энергияны бақылау органдарымен бірге жағдайды бақылап отырмыз. Бүгінгі таңда станция штаттық режимде жұмыс істейді, – деді аймақ басшысы. – Көмір қоры жеткілікті – 20 күннен астам уақытқа есептелген. Желтоқсан айында осы екі қазандықтың жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс.
Сонымен қатар, Ермағанбет Бөлекпаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларына тоқталды. Облыс әкіміне өңірдің түрлі салаларына қатысты 40-қа жуық сұрақ келіп түсті.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз