Жастарға жұмыс ұсынылды
Қаламыздағы Қарағанды индустриалды Университетінде жастарға арналған кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Жұмыс іздеушілер 1300-ден астам орыннан өздеріне ұнайтын жұмысты таңдап алды, оның ішінде Теміртаудың 42 ұйымы 650-ден астам орын ұсынды.
Қарағанды Теміртау индустриалды Университетінде жастарға арналған кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Жұмыс іздеушілер 1300-ден астам орыннан өздеріне ұнайтын жұмысты таңдап алды, оның ішінде Теміртаудың 42 ұйымы 650-ден астам орын ұсынды.
Іс-шара жоғары оқу орындары мен орта білім беру орындарының түлектері, NEET санатындағы жастар және басқа да жұмыссыз адамдар үшін ұйымдастырылды. 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында 350-ден астам адам кеңес алды.
Оның ішінде 24 азаматқа жұмысқа орналасу үшін жолдама берілді, алтауы пробация қызметінде есепте тұрғандар.
Келушілерге «Күміс жас», «Жастар практикасы», «Бірінші жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыстар» және «Кәсіптік оқыту»жобалары туралы айтылды.