Денсаулық сақтау министрі қарағандылықтармен кездесті

Үкіметтің маңызды міндеттерінің бірі — республика азаматтарының денсаулығын нығайту. Осыған орай, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды облысындағы медицина мәселелері бойынша тұрғындар алдында есеп беру кездесуін өткізді. Министр ханым өңірлермен бірігіп жүргізіп жатқан жұмыстар және денсаулық сақтау саласының 2023 жылға қойған міндеттері жайында да баяндады.


Министр Ажар Ғинияттың ақпарынша былтырғы және биылғы жылы жалпы денсаулық сақтау саласын жетілдіру мақсатында қажетті жаңашылдық, стандарттар бекітіліпті. Мәселен, биыл медициналық санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты әзірленіп, бекітілген. Бұл осы бағытта озық тәжірибелі жобаларды енгізу , шағымды азайтып, ұсынылар қызмет сапасын жақсарту мақсатын көздейді.

— Осы ретте, халық сұранысы бойынша медициналық қызметерді қашықтан көрсету бойынша да жұмыс күшейтіледі, — деді министр. — Жастар мен жасөспірімдердің дербес консультация алып, ем алуға тексерілуге ұялмай келуі үшін арнайы қызмет түрі ашылатын болады.
Биылғы жылы ұлттық жоба шеңберінде біздің облыста 3 инсульт орталығын ашу көзделген. Өткен жылы онкологиялық және гемотологиялық ауруларға күдік туындағанда уақыт созбай, тексеру мен емдеуді шұғыл жүргізуге ерекше екпін салу мақсатында «Жасыл жол » бағдарламасы енгізілген.
Министр Ажар Ғинияттың ақпарынша, былтырғыжәне  биылғы жылы жалпы денсаулық сақтау саласын жетілдіру мақсатында қажетті жаңашылдық, стандарттар бекітіліпті. Мәселен, биыл медициналық санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты әзірленіп, бекітілген. Бұл осы бағытта озық тәжірибелі жобаларды енгізу , шағымды азайтып, ұсынылар қызмет сапасын жақсарту мақсатын көздейді. Министр халықтың 80 пайызы бастапқы қызметті осы алғашқы көмек ұйымдарынан алады. Сондықтан осы обьектілердегі жұмысты жақсарту бағытында кешенді жоспар құрдық, мемлекеттік нормативке өзгеріс енгіздік дейді. Бұрындары 800 адамы бар ауылда ғана фельдшерлік пункттер қызмет ететін, енді аталмыш өзгеріс негізінде 500 тұрғыны бар ауылдарға фельдшерлік акушерлік пункттер ашу жұмысы басталды. Халық сұранысы бойынша медициналық қызметтерді қашықтықтан көрсету бойынша да жұмыс күшейтіледі деді министр. Жастар мен жасөспірімдердің дербес консультация алып, ем алуға тексерілуге ұялмай келуі үшін арнайы қызмет түрі ашылатын болады.
Сондай-ақ, биылдан бастап жазасын өтеп жатқан адамдарға медициналық қызмет көрсету ісі ішкі істер министрлігінен толықтай денсаулық министрлігіне беріліп жатыр екен. Яғни түрмедегі емдеу ісіне жергілікті емхана, аурухана мамандары атсалыспақ . Биылғы жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту » ұлттық жобасы қолға алынды. Бұл ауылдық жерде тұрғындарға медициналық комектің қолжетімді болуына септігін тигізбек. Осы мақсатта былтырғы жылы тексерулер тізбесі кеңейтіліп, ауылда тұрғындарды профилактикалық тексерістер жүзеге асырылуда дейді. Осы жаңашылдық негізінде Қарағанды облысы ауылдарының 50 мыңнан астам тұрғыны (50438) зерттелді, 506-ға жуық адам динамикалық бақылауға алынды, оларда жоғары қан қысымы, қант диабеті, бүйрек патологиясы белгілері анықталды. Ауыл халқын сауықтыру, медициналық қызмет көрсету қызметін жеңілдету жолындағы жұмыстардың бірі ретінде біздің облыста ауылдың медициналық ұйымдарының базасында 6 дәріхана пункті ашылды. Биыл ұлттық жоба шеңберінде Қарағанды облысында 20 медициналық пункт, 20 фельдшерлік-акушериялық пункт, 2 дәрігерлік амбулатория ашылды.Олар:
Ақтоғай ауданында 1 объект – Ақжарық ауылы (Қызыларай).
Бұқар Жырау ауданында 3 объект — Қарақұдық ауылы, Новоузенка ауылы, Ақтөбе ауылы.
Қарқаралы ауданында 17 объект – Қоянды ауылы, Сарыобалы ауылы, Қызыл Ту ауылы, Томар ауылы, Ақжол ауылы (Мамраев), Татан ауылы (Еңбек), Бесоба ауылы, Талды ауылы, Балқантау ауылы, Бейбітшілік ауылы, Жарлы ауылы, Талдинка ауылы (Бүркітті бекеті), Абыз ауылы, Белдеутас ауылы, Борлыбұлақ ауылы, Нұрмақов ауылы, Мәди ауылы.
Шет ауданында 21 объект – Ақшатау кенті (Ақтөбе), Төменгі Қайрақты ауылы, Жұмыскер ауылы, Босаға ауылы, Көктенкөл ауылы, Киік ауылы, Бұрма ауылы, Еңбекшіл ауылы, Ақсу ауылы, Қарамұрын ауылы, Дарья ауылы, Қызылқой ауылы, Ақшоқы ауылы, Еркін ауылы, Қарабұлақ ауылы, Жыланды ауылы, Жамшы ауылы (Жарылғап батыр), Ақой ауылы, Талды ауылы, Кеншоқы ауылы, Батық ауылы.
Ал еліміз бойынша аудандық ауруханаларды заманауи томографпен , рентген аппараттармен жабдықтау 84 пайызға жеткен. Бұл игіліктер жалпы еліміздің ауылдық елді мекендерінде жүзеге асырылуда. Тағы бір қуанышты жаңалық, биыл дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға ал орта медициналық қызметкерлердің еңбек ақысы 20 пайызға жоғарылайтын болды. Бүгінде медициналық қызметкер мәртебесін көтеру жайында заң жобасы әзірленуде, медицина мамандарын сақтандыру, дәрігер кінәсінен денсаулығын құртқан ем алушыларға өтемақы беру мәселесі де әзірге қарастырылу деңгейінде екен.
Ал жекелей біздің облыстағы осы сала жетістіктері мен кемшілігіне тоқсталар болсақ, Қарағанды облысы бойынша халықтың жалпы өлім-жітімі 2021 жылмен салыстырғанда 9%-ға, оның ішінде қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнің 37%-ға, обырдың – 8%-ға, тыныс алу ағзаларының ауруларынан болатын өлім-жітім – 37%-ға, ал туберкулезден болатын өлім-жітімнің 31%-ға төмендегені байқалады. Ана өлімі 13%-ға елеулі төмендеді (2021 жылы – 10 жағдай, 2022 жыл – 8 жағдай), ал ағымдағы жылы нәресте өлім-жітімінің деңгейінде 2%-ға түсті. Өткен жылы халықтың өмір сүру ұзақтығы артты. 2022 жылы Қарағанды облысында 3 емхана пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 2022 жылы ауыл тұрғындары үшін профилактикалық тексерулер енгізілді. Қарағанды облысы ауылдарының 50 мыңнан астам тұрғыны (50438) зерттелді, 506-ға жуық адам динамикалық бақылауға алынды, оларда жоғары қан қысымы, қант диабеті, бүйрек патологиясы белгілері анықталды.
Болашаққа жоспарлар жайын айтар болсақ, Қарағанды облысында Балқаш және Теміртау қалаларының ауруханаларын күрделі жөндеу және реконструкциялау жоспарланған. Ана мен баланың денсаулығын сақтау Министрліктің ерекше бақылауында деген министр ханым Қарағанды облысында 200 төсектік облыстық көпбейінді балалар ауруханасының құрылысын аяқтау жоспарына тоқталды. Кадр тапшылығын шешуде дәрігерлерді үй -жаймен қамтамасыз етуге де екпін салынуда. Ұсынылған ақпарға жүгінсек Қарағанды облысында 66 дәрігер және 43 медициналық қызметкер тапшы. Біздегі медициналық институтты биыл 157 түлек тәмәмдағалы отыр. Оның 39- ы ауылдық жерлерде қызметтік еңбек жолдарын бастамақ ниетте. Шұғыл көмек ұсынуға жауапты жедел жәрдем қызметіне қатысты да жоспар бар. Олардың қызмет сапасын жетілдіріп, ондағы мамандардың жалақысын жақсарту қарастырылуда.
В завершение выступления Ажар Гиният сказал, что возглавляемое им министерство выполнит все задачи по повышению качества и доступности медицинской помощи.

Асель Кусайиновна

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз