Теміртауда иесіз қалған жануарлар орталығы ашылады

Теміртау қаласында иесіз қалған жануарларға арналған орталық ашу жоспарлануда. Бұл үшін қала басшылығы қаланың шеткері тұсынан ғимарат та тауып қойыпты, — деп хабарлайды Temirtaytynysy.kz

  • Қарағанды облыстық ветеринария басқармасы иесіз жануарларды ұстау, стерилдеу және уақытша ұстап, чиптау бойынша мемлекеттік сатып алу ісін бастады, — дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Гүлнұр Әбдіғалиева.

Айта кету керек, Теміртау қаласында иесіз жануарлармен жұмыс істейтін еріктілер ұйымдары үшін де мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қарастырылған.

Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз