Теміртауда иесіз қалған жануарлар орталығы ашылады
Теміртау қаласында иесіз қалған жануарларға арналған орталық ашу жоспарлануда. Бұл үшін қала басшылығы қаланың шеткері тұсынан ғимарат та тауып қойыпты, — деп хабарлайды Temirtaytynysy.kz
- Қарағанды облыстық ветеринария басқармасы иесіз жануарларды ұстау, стерилдеу және уақытша ұстап, чиптау бойынша мемлекеттік сатып алу ісін бастады, — дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Гүлнұр Әбдіғалиева.
Айта кету керек, Теміртау қаласында иесіз жануарлармен жұмыс істейтін еріктілер ұйымдары үшін де мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қарастырылған.
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан оқыңыз